Қазақстан, Алматы қ.
Шопен к-сі, 26
Байқадамов көшесінің бұрылысы
  •  » 
  • Пилинг және биоревитализация: қосарланған пайда

Пилинг және биоревитализация: қосарланған пайда

Біздің теріміз үнемі сыртқы факторлардың әсеріне ұшырайды, бұл көбінесе оның денсаулығы мен сыртқы түріне теріс әсер етеді. Күйзеліс, ластанған ауа, әртүрлі зиянды әдеттер, қоршаған ортаның маусымдық ерекшеліктері (мысалы, жазда немесе теңізде демалғаннан кейін тері өте осал болады: ультракүлгін сәулелер, ыстық ауа, теңіз суы құрғақтық пен қабыршақтануды, әр түрлі бөртпелерді тудырады) - терінің күңгірттенуіне, балғындық пен сұлулықты жоғалтуына, безеулердің, қара нүктелердің пайда болуына әкеледі және басқа мәселелер туындайды.

Мұның бәрін оңай шешуге болады, егер теріге дұрыс және толық күтім жасаса: косметологпен уақтылы кеңесіп, кейбір процедураларды орындап және үйдегі күтім туралы ұмытпау керек.

Косметологиялық процедуралар туралы айтатын болсақ, пиллинг пен биоревитализацияның пайдасы мен әсерін атап өткен жөн. Көбінесе тиімді және ұзақ нәтижеге қол жеткізу үшін мұндай процедураларды жұппен жасау ұсынылады.

Пиллинг – бұл қыртыстанған (өлі) тері жасушаларын қабыршақтандыру процедурасы –  арнайы микробөлшектер эпидермистің жоғарғы қабатындағы құрғақ жасушаларды жұмсақ және ауыртпалықсыз алып тастауға мүмкіндік береді. Пиллинг жасау нәтижелері: 

  • Тері өңінің тегістелуі;
  • Терідегі ұсақ тесіктердің тарылуы;
  • Терінің серпімділігі мен жарқындылығының қайта оралуы;
  • Ұсақ әжімдерден құтылуы;
  • Қабыну процестерінен кейін қалпына келуі.

Биоревитализация – теріні ылғалдандыру процедурасы. Биоревитализацияның мәні – дәрігер-косметолог тері астына гиалурон қышқылы мен аминқышқылдарына негізделген арнайы препараттардың инъекциясын енгізуде болып табылады. Биоревитализациядан кейін тері жарқын және серпімді болады, бет реңі балғын болады, жастық пен терінің тартымдылығы қайта оралады.

Тандемде бұл екі процедура ұзағырақ және тиімдірек нәтиже береді. Пилингтен кейін гиалурон қышқылы препараттарының инъекциялары терінің астына тереңірек және тезірек еніп, ағзаның регенерациялық және қалпына келтіретін процестерін ынталандырады. Нәтиже дерлік бірден көрінеді, оңалту процесі өте қысқа және қарапайым: 2-3 апта ішінде ультракүлгін сәулелердің әсерінен, қызып кетуден, скраб жасаудан, солярийге және моншаға/саунаға барудан аулақ болу керек. Осы ұсыныстардың барлығын ұстану жазылу процесін тездетеді және асқынуларды болдырмауға көмектеседі.

Өкінішке орай, пилинг пен биоревитализация жасауға қарсы көрсетімдер бар:

  • Жүктілік және лактация кезеңі;
  • Декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулар;
  • Қанның ұю проблемалары;
  • Онкологияның болуы;
  • Процедура жүргізу аймағындағы тері инфекциялары;
  • Қант диабеті;
  • Аутоиммунды аурулардың болуы.

Қарсы көрсетімдердің болуын ескере отырып, пиллинг және биоревитализация процедураларына баруды шешпес бұрын, міндетті түрде косметолог маманымен кеңесу керек.

larisa_rakotyanskaya

larisa_rakotyanskaya

28 апреля 2021

Хочу поблагодарить Сергея Николаевича за проведённую мне верхнюю блефоропластику ! Я очень довольна...

aig2062

aig2062

27 апреля 2021

Пак Дмитрий Анатольевич - Мой врач он самый лучший! дай бог вам здоровья!прошло...

Марьяна

Марьяна

27 апреля 2021

Доктор Пак - врач от Бога! Делала блефаропластику. Просто золотые руки! Безумно счастлива, что попала в Вашу клинику Надиалан. Прекрасные...

nurgazinovamakeup

nurgazinovamakeup

02 апреля 2021

Доктор Пак Дмитрий Анатольевич - самый лучший в своем деле! Маме до Нового года делал...

larissa.berdinova

larissa.berdinova

11 марта 2021

Галым Сагатович - врач от Бога, он свою работу знает .я у него оперировалась лет 10 назад и у меня...

sholpan.sabitova

sholpan.sabitova

11 марта 2021

Галым Сагатович - отличный врач. Он мне 2 года назад операцию сделал. Все идеально. С того...

stacy.chay

stacy.chay

02 февраля 2021

Cпасибо Вам Дмитрий Анатольевич за открытый взгляд - естественный и натуральный...

i.a_life878

i.a_life878

25 января 2021

Я так счастлива, что сделала операцию, я так вам благодарна! Жизнь кардинально меняется именно в восприятии себя. Я хочу...

fortunadivita

fortunadivita

25 января 2021

Добрый вечер, в этом году я сделала блеферо верх и низ у Дмитрия Анатольевича, я благодарна...

zhumartova2003

zhumartova2003

12 января 2021

Огромное спасибо за Ваш труд, Ваше мастерство! Я очень рада, что выбрала именно Вас, Профессионала своего...

Қызықты мақалалар

Барлық мақалалар