- Басты бет »
- Бет терісіне күтім жасау: проблемалар және үйде күтім жасау
Бет терісіне күтім жасау: проблемалар және үйде күтім жасау
Бет терісі қоршаған ортаға және оған жиі теріс әсер ететін сыртқы факторларға өте сезімтал. Күйзеліс, ластанған ауа, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер, сәндік косметиканы қолдану жағымсыз салдарға әкеледі: тері құрғайды, әртүрлі қабыну процестер, қара нүктелер пайда болады. Тері проблемаларының пайда болуын болдырмау үшін оған дұрыс және үнемі күтім жасау керек. Салондар мен сұлулық клиникаларына баруға әрқашан мүмкіндік бола бермейді. Дегенмен, әрине, косметологиялық процедуралардың нәтижесі ұзағырақ және тиімдірек. Бірақ егер маманға процедураға бара алмасаңыз, онда үйде теріңізге өз бетіңізше көмектесуіңіз керек.
Терінің құрғауы. Терінің құрғауы әйелдер арасында өте жиі кездесетін мәселе. Ішкі факторлардан басқа (гормоналды бұзылулар, эндокринологиялық патологиялар және т.б.) бет терісін осындай күйге жеткізетін сыртқы факторлар да бар. Тері құрғауының пайда болуы дұрыс күтім жасамау немесе дұрыс таңдалмаған сәндік косметикадан, күн сәулесінің ұзақ әсер етуінен, тіпті гаджеттерді қолданудан (теледидар көру, компьютерде жұмыс істеу, смартфондарды пайдалану) туындауы мүмкін.
Құрғақтық сезімін терінің мүйізді қабаты тудырады. Бұл мәселені шешу үшін пилинг өнімдерін немесе гоммаждарды қолдану ұсынылады – олар терінің қабыршақтанған бөлшектерін жұмсақ алып тастайды. Пилингтен кейін теріні ылғалдандыру керек. Ол үшін ылғалдандырғыш өнімдер мен сарысулар қолданылады, олардың құрамына гиалурон қышқылы мен амин қышқылдары кіреді.
Қара нүктелер. Қара нүктелердің пайда болуы тек майлы және аралас теріге ғана тән емес – олар құрғақ терісі барларды да алаңдатуы мүмкін. Терең тазарту үшін клиникада немесе сұлулық салонында кәсіби косметикалық тазалауды жүргізу қажет. Үйде құрамында сүт қышқылы бар өнімдерді (гельдер, тониктер, пилингтер) қолдану керек. Тітіркенуге және зақымдануға бейім жұқа және нәзік теріге ретиноидты қышқылға негізделген өнімдерді қолдану ұсынылады (аптасына 1 немесе 2 рет қолданған жөн).
HEV – сәулелену (көк сәуле). HEV-сәулелену - көрінетін жоғары энергетикалық сәулелену. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біздің гаджеттердің экрандарынан шығатын жарық. Бұл сәулелену өте жоғары жиілік пен энергияға ие және біздің теріміздің терең қабаттарына еніп, оның күйін нашарлату мүмкін. Теріні осы сәулеленуден қорғау өте маңызды. Бұны құрамында С дәрумені, омега 3 және омега 6 қышқылдары, В тобының дәрумендері бар өнімдердің көмегімен жасауға болады.
Ластанған ауа. Қазіргі мегаполис жағдайында пайдаланылған газдар, өндірістік қалдықтар, темекі түтіні – үйреншікті нәрсе. Бірақ біз бұл сыртқы факторлардың теріге қаншалықты зиян келтіретіні туралы сирек ойлаймыз: тері тесіктері бітеліп, теріде қабыну, қара нүктелер және т. б. пайда болады. Жалғыз құтқару – теріні күнделікті тазарту және детокс маскалары! Сонымен қатар, өзіңіздің косметикаңыздың құрамына назар аударыңыз – міндетті түрде антиоксиданттар болуы керек.
Күн сәулелері. Аз мөлшердегі ультракүлгін сәулелер ағзаға пайдалы – олар D дәрумені тапшылығының орнын толтыруға көмектеседі. Бірақ күн сәулелерінің қатты және ұзақ әсер етуі терінің ерте қартаюына әкеледі. Сонымен қатар, терінің құрғауы, тіпті қызару мен қышу түрінде көрінетін аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін. Сондай – ақ, меланома (терінің қатерлі ісігі) сияқты жағымсыз аурудың қоздырғыш факторларының бірі - күн сәулелерінің шамадан тыс әсер етуі екенін ұмытпау керек.
Мұндай салдарды алдын алу үшін күнделікті SPF-і бар кремді қолдану қажет. Сондай-ақ, бұл кремнің астына антиоксидантты сарысуларды жағу ұсынылады.
Күйзеліс. Әйелдер өз терісінің күйзелістік жағдайларға әсер ететінін жиі байқайды: ол күңгірт бола бастайды, қабыну немесе қабыршақтану пайда болады, құрғақтық пен тартылып тұрған сезімі пайда болады. Эмоционалды күйді тұрақтандырудан басқа, косметологтар жеміс қышқылдары мен антиоксиданттары бар өнімдерді қолдануға кеңес береді. Әрине, терінің қорғаныш қасиеттерін қалпына келтірудің тиімді әдісі - мамандар жүргізетін косметикалық процедуралар – микроток терапиясы, фонофорез және т. б. болып табылады.
Жасқа байланысты өзгерістер. Жоғарыда барлық айтылғандармен қатар, терінің құрғақтық, безеулер, ұсақ әжімдермен байқалатын жасқа байланысты өзгерістерін атап өткен жөн. Жас тері үшін қорғаныс (ультракүлгін сәулелерден, HEV сәулеленуінен) және ылғалдандыру маңызды. Бұл терінің мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы жас болуына көмектеседі. Ал егде жаста теріге жұмсалған ресурстарды қалпына келтіру қажет – коллаген, пептидтерді қолданатын косметикалық процедуралар қажет.
Қорытындылай келе, тұрақты күнделікті тері күтімі оның қала өмірінің ең қатал жағдайында жас және жарқын болып қалуына мүмкіндік беретінін атап өтуге болады.