Қазақстан, Алматы қ.
Шопен к-сі, 26
Байқадамов көшесінің бұрылысы

Беттің контурлы пластикасы

Біздің әрқайсымыз өз жастығымыз бен сұлулығымызды барлық мүмкін тәсілдермен сақтауға тырысамыз, соның ішінде, косметологтар мен пластикалық хирургтардың қызметтеріне жүгінеміз. Жасару мен пластиканың заманауи әдістері дерлік барлығына қол жетімді,препараттардың әртүрлілігі бет пен денеге ауыртпалықсыз және тимді күтім жасауға мүмкіндік береді. Алматыда "Надиалан Эстетик" емханасының хирургтары мен косметологтары жасару және пластика саласында өз қызметтерін сізге қуана ұсынады. Біздің мамандарымыз сізге ең сапалы препараттар мен инъекцияларды енгізудің заманауи техникаларын пайдалана отырып, контурлы пластиканы кәсіби түрде жүргізеді.

Контурлы пластика - инвазивті процедура, терінің косметикалық кемшіліктерін түзетуге және оны жасартуға бағытталған.

Контурлы пластиканы жүргізуге арналған көрсетімдер:

  • Беттің жасқа байланысты өзгерістері: борпақ тері, бет аймағындағы көлемдердің жоғалуы (бет сүйектері, маңдай, самай, иек, ерін және т.б.);
  • Дененің жасқа байланысты өзгерістері: тері тургорының нашарлауы, қолдың білектерінің, мойынның көлемінің жоғалуы және т.б.;
  • Бет пен денедегі әжімдерден арылу;
  • Ерін пластикасы: пішіннің өзгеруі, ұлғаюы, ылғалдануы;
  • Мұрын, иек пластикасы: пішіннің өзгеруі, тыртықтарды кетіру және т.с.с.

Алматы қаласында контурлы пластика гиалурон қышқылына негізделген арнайы препараттар - толтырғыштар арқылы жүзеге асырылады. Олар бет пен дененің белгілі бір аймақтарын түзету үшін қолданылады:

  • Маңдай;
  • Мұрын және мұрын-ерін қатпарлары;
  • Көз айналасындағы аймақ;
  • Мойын;
  • Декольте аймағы;
  • Еріндер;
  • Қолдың білектері;
  • Иек.

Гиалурон қышқылы уақытша материал болып табылады: ол ериді және өздігінен ағзадан толығымен шығарылады, бірақ лифтинг әсері ұзақ уақыт сақталады. Бұл әдіс қауіпсіз және тиімді, өйткені толтырғыштардың құрамы табиғи гиалурон қышқылының құрамымен бірдей. Сонымен қатар, гиалурон қышқылына негізделген толтырғыштар мүлдем гипоаллергенді болып табылады.

Контурлы пластикаға қарсы көрсетімдер:

  • Жүктілік және емізу кезеңі;
  • Белсенді қабыну процестері;
  • Декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулар;
  • Қанның ұюының төмендеуі;
  • Аутоиммунды аурулар;
  • Тұрақты толтырғыштың немесе импланттың болуы;
  • Қанды сұйылтатын препараттарды қабылдау.

Алматы қаласында контурлы пластиканы толтырғыштармен жүргізу.

Толтырғыштармен контурлы пластиканы жүргізу анестезияны қажет етпейді. Процедурадан бұрын емделушіге қанды сұйылтатын препараттарды қолдануға болмайтындығы туралы міндетті түрде ескертеді. Сонымен қатар алкоголь ішу және темекі шегу қарсы көрсетілген. Егер емделушінің терісі өте майлы болса, онда теріні тазартуға және тері тесіктерін тарылтуға бағытталған алдын ала косметикалық процедуралар қажет болуы мүмкін.

Процедура шамамен бір сағатқа созылады. Препараттың инъекциясы белгілі бір аймаққа өте жұқа инемен енгізіледі.

Толтырғыштармен контурлы пластиканы жүргізудің нәтижесі бірден байқалады, қажет болған жағдайда кемшіліктерді түзетуге болады. Процедурадан кейін инъекция мен ісінудің іздері келесі күні толығымен өтеді.

Нәтиже 6 айдан 12 айға дейін сақталады. Әсерді сақтау үшін процедураны қайталау керек.

Контурлы пластикадан кейінгі оңалту:

  • Процедурадан кейін 2 апта ішінде монша мен саунаға бару ұсынылмайды;
  • Контурлы пластика жасалған аймаққа макияж қолдану және басқа да әсер ету процедурадан 2-3 күн өткен соң мүмкін болады;
  • Қажет болса, ісінуге және көгеруге қарсы жергілікті препараттарды қолдануға болады.

Процедураның нәтижелері:

  • Ұрттардың көлемінің ұлғаюы;
  • Бет сүйегі мен иектің тартылуы;
  • Ерін пішінінің өзгеруі немесе ұлғаюы;
  • Мұрын-ерін қатпарларының түзелуі;
  • Бет сопақшасының тартылуы;
  • Жасару;
  • Ұсақ әжімдер ғана емес, сондай-ақ терең әжімдердің де түзелуі.

Алматы қаласындағы "Надиалан Эстетик" емханасында толтырғыштармен контурлы пластиканы жүргізудің артықшылықтары:

  • Процедура дерлік ауыртпалықсыз;
  • Нәтиженің ұзақ уақыт сақталуы;
  • Нәтижені бірден көруге болады;
  • Қысқа оңалту кезеңі, тез қалпына келу;
  • Процедура аппараттық және хирургиялық лифтингқа тыйым салынған емделушілерге көрсетілген;
  • Контурлы пластикаға оңтайлы бағалар.

Осылайша, бет және денеге арналған контурлы пластика процедурасы, жасартуға және тері кемшіліктерін түзетуге бағытталған, өзінің сұлулығын ерекше көрсетіп және жастықты қалпына келтіргісі келетіндер үшін қолжетімді және қолайлы нұсқа болып табылады.

Процедураға жазылу

What's App жазу Қоңырау шалу

Видео



Фото дейін / кейін

larisa_rakotyanskaya

larisa_rakotyanskaya

28 апреля 2021

Хочу поблагодарить Сергея Николаевича за проведённую мне верхнюю блефоропластику ! Я очень довольна...

aig2062

aig2062

27 апреля 2021

Пак Дмитрий Анатольевич - Мой врач он самый лучший! дай бог вам здоровья!прошло...

Марьяна

Марьяна

27 апреля 2021

Доктор Пак - врач от Бога! Делала блефаропластику. Просто золотые руки! Безумно счастлива, что попала в Вашу клинику Надиалан. Прекрасные...

nurgazinovamakeup

nurgazinovamakeup

02 апреля 2021

Доктор Пак Дмитрий Анатольевич - самый лучший в своем деле! Маме до Нового года делал...

larissa.berdinova

larissa.berdinova

11 марта 2021

Галым Сагатович - врач от Бога, он свою работу знает .я у него оперировалась лет 10 назад и у меня...

sholpan.sabitova

sholpan.sabitova

11 марта 2021

Галым Сагатович - отличный врач. Он мне 2 года назад операцию сделал. Все идеально. С того...

stacy.chay

stacy.chay

02 февраля 2021

Cпасибо Вам Дмитрий Анатольевич за открытый взгляд - естественный и натуральный...

i.a_life878

i.a_life878

25 января 2021

Я так счастлива, что сделала операцию, я так вам благодарна! Жизнь кардинально меняется именно в восприятии себя. Я хочу...

fortunadivita

fortunadivita

25 января 2021

Добрый вечер, в этом году я сделала блеферо верх и низ у Дмитрия Анатольевича, я благодарна...

zhumartova2003

zhumartova2003

12 января 2021

Огромное спасибо за Ваш труд, Ваше мастерство! Я очень рада, что выбрала именно Вас, Профессионала своего...

Қызықты мақалалар

Барлық мақалалар