- Басты бет »
- Косметология »
- Бетті механикалық тазарту
Бетті механикалық тазарту
Біздің теріміз сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне үнемі ұшырайды: ластанған ауа, күнделікті күйзелістер, сәндік косметиканы жиі қолдану және т.б. Мұның бәрі терінің саулығына теріс әсер етеді, оның сыртқы түрі нашарлайды: безеулер пайда болады; тері майлы болады немесе, керісінше, өте құрғақ болады; ыңғайсыздықты тудыратын және өзіне деген сенімділікті жоғалтуға әкелетін ұқыпсыз көрініс пайда болады. Мұның бәрін Алматы қаласындағы "Надиалан Эстетик" емханасынан көмек сұрап, түзетуге болады, онда кәсіби косметологтар сіздің бетіңізге механикалық тазартуды жасап, теріңізге сұлулық пен балғын, жарқыраған көріністі қайтарады.
Бетті механикалық тазарту комедондардан - ақ және қара безеулерден - қолмен немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы құтылудың тиімді әдісі болып табылады.
Бетке механикалық тазартуды жасауға арналған көрсетімдер:
- Жабық комедондардың – ақ тығыз безеулердің болуы;
- Ашық комедондардың – қара нүктелердің болуы.
Бетке механикалық тазартуды жасауға қарсы көрсетімдер:
- Жүктілік және лактация кезеңі;
- Теріде қабыну процестерінің болуы;
- Іріңнің, тері жарақаттарының болуы;
- Белсенді жіті инфекциялық аурулар;
- Декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулар;
- Ұшықты инфекция.
Алматыда бетке механикалық тазартудың жасалуы.
Бетті механикалық тазарту процедурасын сұлулық салонында немесе емханада арнайы дайындалған маман - косметолог жүргізуі керек екенін есте ұстаған жөн. Бетті механикалық тазарту бірнеше кезеңде өтеді. Ең алдымен, бетке арнайы лосьон немесе маска жағылады. Олардың әрекеті бет терісін жұмсартуға және терідегі ұсақ тесіктерді ашуға бағытталған. Екінші кезең бетті тікелей тазартудан басталады - қара және ақ безеулерді кетіру. Процесс арнайы тағайындалған стерильді құралдармен жүзеге асырылады. Бет терісін мұқият тексеріп, қандай да бір безеулерді жіберіп алмау үшін бетке жарқын жарық түсіріліп, арнайы лупа қолданылады. Белгілі бір күш-жігерді қажет ететін неғұрлым тығыз майлы тығындар стерильді инемен тесіліп, арнайы қасықпен тазаланады. Үшінші кезең антисептикпен емдеу және тыныштандыратын масканы, лосьонды немесе сарысуды қолдануды қамтиды.
Процедура бірнеше күн ішінде өтетін жағымсыз сезімдермен бірге жүруі мүмкін. Бетке механикалық тазартуды жасағаннан кейінгі іздер 1 апта бойы сақталуы мүмкін.
Процедураны қайталау қажет болуы мүмкін: қайталау қажеттілігін косметолог сіздің теріңіздің жеке ерекшелігін ескере отырып бағалайды.
Бетті механикалық тазартудан кейінгі оңалту.
- Процедурадан кейін 12 сағат ішінде макияжды жағу, қастарды, кірпіктерді, шашты бояу ұсынылмайды;
- Үйдегі тері күтімі косметолог ұсынған тыныштандыратын кремдер, маскалар және басқа өнімдермен шаю және жағу арқылы шектелуі керек;
- Камуфляж құралдарын жағу ұсынылады;
- Бірнеше күн ішінде саунаға, моншаға барудан аулақ болу керек;
- Бет терісіне ультракүлгін әсерін болдырмау қажет, яғни 1 апта ішінде солярийге бару ұсынылмайды.
Бетті механикалық тазарту безеулер мен бөртпелерден құтылуға көмектеседі ме?
Бетті механикалық тазарту - теріні емдеу кезеңдерінің бірі болып табылады. Процедураның тиімділігі сіздің теріңіздің бастапқыда қандай болғанына байланысты. Бірақ кез келген жағдайда бетті механикалық тазартудан кейін теріңіз неғұрлым жұмсақ, сау, біркелкі болады, бет әлпетінің түсі мен май бездерінің жағдайы жақсарады, сондай-ақ қабыну мөлшері де азаяды.
Алматы қаласындағы "Надиалан Эстетик" емханасында бетті механикалық тазарту процедурасын жүргізудің артықшылықтары:
- Комедондардан құтылуы;
- Терідегі ұсақ тесіктердің тарылуы және тазаруы;
- Беттің біркелкі түсі;
- Терінің жалпы күйі мен саулығының жақсаруы.
Кез-келген процедура сияқты, бетті механикалық тазартудың да кейбір кемшіліктері бар:
- Процедура жүргізу кезінде беттегі қабыну элементтеріне ерекше назар аудару керек. Олардың болуы процедура жүргізуге қарсы көрсетім болғанына қарамастан, кейбір косметологтар бұл сәтті жіберіп алуы мүмкін және безеу ауруының таралуын одан әрі күшейтуі мүмкін, бұл тіпті инфекцияның пайда болуына әкелуі мүмкін;
- Егер емделушіде патологиялық тыртықтардың пайда болуына бейімділік болса, бетті механикалық тазарту әсіресе байқап жасалуы керек, өйткені содан кейін безеулі бөртпеден гөрі тыртықтарпен күресу қиынырақ болады.
- Бетті механикалық тазарту айтарлықтай ауыртатын процедура.
Осылайша, сіз бетіңізді механикалық тазарту процедурасынан өтуге дайын екеніңізді өзіңіз шешуіңіз керек. Бұған сізге Алматы қаласындағы "Надиалан Эстетик" емханасының мамандары көмектеседі. Біздің косметологтар сізге осы процедураның барлық егжей-тегжейлері мен салдарын оңай түсіндіреді және сіздің келісіміңіз бойынша бетті механикалық тазарту процедурасын оңтайлы бағалармен кәсіби түрде жүргізеді.