Қазақстан, Алматы қ.
Шопен к-сі, 26
Байқадамов көшесінің бұрылысы

Плазмолифтинг

Біздің теріміз күнделікті сыртқы әсерлерге ұшырайды: күйзеліс, ұйқының қанбауы, жаман әдеттер, дұрыс тамақтанбау, ластанған ауа. Барлық осы факторлар терінің сыртқы түрі мен саулығына теріс әсер етеді. Оттегі мен ылғалдың жетіспеушілігі терінің тез қартаюына, оның кебуіне әкеледі, ол серпімділік пен иілгіштікті жоғалтады. Мұндай салдарды болдырмау үшін , бет пен дене терісіне үнемі күтім жасау керек, өзіңізді күтіп және сұлулығыңыз бен жастығыңызды табиғи жолмен сақтауыңыз қажет. Алматы қаласындағы «Надиалан Эстетик» емханасы сізге плазмолифтинг процедурасынан өтуді ұсынады, оны осы салада мол тәжірибесі мен білімі бар емхана мамандары жүргізеді.

Плазмолифтинг-медициналық препараттарды қолданбай теріні жасартудың, оның жай-күйін жақсартудың, оны регенерациялайтын процестерді қалпына келтірудің операциясыз процедурасы. Плазмолифтинг процедурасы емделушіге өз қанынан алынған және тромбоциттермен байытылған плазма инъекциясын енгізуге негізделген. Тромбоциттер қанның ұюына жауап беруімен қатар ағзадағы табиғи қалпына келтіру процестерін ынталандырады. Плазма компоненттері, оның ішінде ферменттер, гормондар, дәрумендер, коллаген мен эластин синтезі арқылы табиғи жасару процесін бастайды. Нәтижесінде терінің серпімділігі мен тургоры жоғарылайды, оның түсі мен құрылымы жақсарады.

Плазмолифтинг процедурасын жүргізуге арналған көрсетімдер:

  • Тері тургорының нашарлауы, жасқа байланысты өзгерістердің әсерінен терең және ұсақ әжімдердің пайда болуы;
  • Пластикалық операциялардан, лазерлік және химиялық әсерлерден, тері жарақаттарынан кейінгі оңалту;
  • Безеу бөртпесінің салдары - акне;
  • Дерматит;
  • Жүктілік кезінде немесе күрт және айтарлықтай салмақ жоғалту нәтижесінде пайда болған созылу белгілері;
  • Купероз – капиллярлар жұмысының бұзылуына байланысты пайда болатын тамырлы тор;
  • Терінің құрғақтығы;
  • Гиперпигментация.

Плазмолифтингті жүргізуге қарсы көрсетімдер:

  • Жүктілік және емізу кезеңі;
  • Белсенді фазадағы инфекциялық аурулар және декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулар;
  • Онкологиялық аурулардың болуы;
  • Аутоиммундық аурулар;
  • Қанның нашар ұюы;
  • Қанның ұюына әсер ететін препараттарды қабылдау;
  • Анемия – қандағы эритроциттердің және/немесе гемоглобиннің төмен деңгейі.

Алматы қаласында плазмолифтинг процедурасын жүргізу.

Плазмолифтинг процедурасы емделушіге тромбоциттермен байытылған өзінің плазмасын енгізу жолымен терінің жасаруын білдіреді. Қан шынтақ көктамырынан алынады: 20 мл-ге дейін қан қажет. Қан жеке сынауыққақа, содан кейін центрифугаға салынады. Центрифугалау процесінде плазма алынады, ол кейіннен емделушіге енгізіледі. Процедура шамамен 60 минутқа созылады. Плазмолифтингті 14 күн аралықпен 4-6 рет қайталау керек. Плазмолифтинг процедурасынан кейін оңалту талап етілмейді. Бірнеше күн бойы сауналарға, моншаларға және солярийге бармау ұсынылады. Плазмолифтинг процедурасын жүргізгеннен кейінгі нәтиже 4-5 күнде байқалады.

Бастың шашты бөлігінің плазмолифтингі.

Көптеген адамдар қалың жылтыр шаштарымен мақтана алмайды, шаштың түсуінен, қайызғақтан және басқа аурулардан зардап шегеді. Бұл мәселелерді шешу үшін бастың шашты бөлігінің плазмолифтингі ұсынылады. Бұл процедура шаш түптерін нығайтады, өсуін жақсартады, шаштың жылтырлығын қайтарады, оны жұмсақ және икемге көнгіш етеді. Тек сыртқы түрі ғана емес, сонымен қатар шаштың саулығы да айтарлықтай жақсарады. Мұндай плазмолифтинг бас терісіне инъекция енгізу арқылы жүзеге асырылады. Әр 14 күн сайын 4-6 процедура жасау қажет. Бастың шашты бөлігінің плазмолифтингісінен кейін оңалту қажет емес.

Алматыдағы "Надиалан Эстетик" емханасындағы плазмолифтингтің артықшылықтары.

"Надиалан Эстетик" емханасы сізге осы салада мол тәжірибесі бар кәсіби мамандардың бет плазмолифтингі мен бастың шашты бөлігінің плазмолифтинг процедурасын жүргізуді ұсынады. Біздің емханамызда плазмолифтингтің артықшылықтары келесіде:

  • Процедура толығымен гипоаллергенді, өйткені емделушіге өз плазмасы енгізіледі: тек табиғи компоненттер, дәрі-дәрмектерді қолданбай;
  • Плазмолифтинг коллаген мен эластин синтезі арқылы терінің регенерациясы мен жасаруының табиғи үдерістерін ынталандырады;
  • Терінің сапасы мен саулығы жақсарады: ол серпімді, иілімді болады, сұлулық және жастықпен жарқырайды;
  • Плазмолифтинг пластикалық операциядан кейін оңалту процестерін жеделдетеді;
  • Плазмолифтингтен кейін тыртықтар мен тыртықшалар қалмайды;
  • Процедура кезінде анестезия қажет емес;
  • Бастың шашты бөлігінің плазмолифтинг
  • процедурасы шаштың өсуіне ықпал етеді, олардың құрылымын жақсартады, шаш түптерін нығайтады;
  • «Надиалан Эстетик" емханасы сізге плазмолифтингтің оңтайлы бағаларын ұсынады.

Осылайша, плазмолифтинг жасарудың, тері мен шаштың саулығын қалпына келтірудің, созылу белгілерінен, безеуден және құрғақ теріден арылудың ең табиғи және қауіпсіз процедурасы болып табылады.

Процедураға жазылу

What's App жазу Қоңырау шалу

Видео



larisa_rakotyanskaya

larisa_rakotyanskaya

28 апреля 2021

Хочу поблагодарить Сергея Николаевича за проведённую мне верхнюю блефоропластику ! Я очень довольна...

aig2062

aig2062

27 апреля 2021

Пак Дмитрий Анатольевич - Мой врач он самый лучший! дай бог вам здоровья!прошло...

Марьяна

Марьяна

27 апреля 2021

Доктор Пак - врач от Бога! Делала блефаропластику. Просто золотые руки! Безумно счастлива, что попала в Вашу клинику Надиалан. Прекрасные...

nurgazinovamakeup

nurgazinovamakeup

02 апреля 2021

Доктор Пак Дмитрий Анатольевич - самый лучший в своем деле! Маме до Нового года делал...

larissa.berdinova

larissa.berdinova

11 марта 2021

Галым Сагатович - врач от Бога, он свою работу знает .я у него оперировалась лет 10 назад и у меня...

sholpan.sabitova

sholpan.sabitova

11 марта 2021

Галым Сагатович - отличный врач. Он мне 2 года назад операцию сделал. Все идеально. С того...

stacy.chay

stacy.chay

02 февраля 2021

Cпасибо Вам Дмитрий Анатольевич за открытый взгляд - естественный и натуральный...

i.a_life878

i.a_life878

25 января 2021

Я так счастлива, что сделала операцию, я так вам благодарна! Жизнь кардинально меняется именно в восприятии себя. Я хочу...

fortunadivita

fortunadivita

25 января 2021

Добрый вечер, в этом году я сделала блеферо верх и низ у Дмитрия Анатольевича, я благодарна...

zhumartova2003

zhumartova2003

12 января 2021

Огромное спасибо за Ваш труд, Ваше мастерство! Я очень рада, что выбрала именно Вас, Профессионала своего...

Қызықты мақалалар

Барлық мақалалар