Аймағамбетов Жан Мырзаділдаұлы
Дәрігер-дерматокосметолог, пластикалық хирург
Эстетикалық медицинадағы жұмыс өтілі 15 жыл.
АМДЖИ жанындағы "Эстетикалық медицина" кафедрасын құруда бастамашы болды.
2001-2003 жылдары – Алматы қаласының тері және соз аурулары ҒЗИ-да "Дерматовенерология" мамандығы бойынша ординатурадан өтті.
2003-2011 жылдары – кафедра оқытушысы, "Арумед" клиникасының дерматокосметолог дәрігері, Алматы қ., мезотерапия, химиялық пилинг және контурлық пластика бойынша сертификатталған жаттықтырушысы болып жұмыс атқарды.
2012-2017 жылдары - "SkinExpert" компаниясының Дерматокосметолог дәрігері, жіп имплантанты және контур пластикасы бойынша тағылымдамадан өткен (Rvl & Miracu Мезонитті қою техникасы бойынша сертификатталған тренер-Оңтүстік Корея, HUONS-Оңтүстік Корея компаниясының контурлық пластика бойынша сертификатталған тренері)
2018 жылы – эстетикалық медицинада және пластикалық хирургияда лазерлік әдістер бойынша тағылымдамадан өткен, Lutronic Co. Ltd, Оңтүстік Корея.