Сарсембаев Бауыржан Касыметович
Анестезиология және реаниматология бөлімшесінің басшысы
Жұмыс өтілі 30 жыл. Медицина ғылымдарының докторы.
1987 – 1993 жж: Семей мемлекеттік медицина институты, емдеу факультеті
1993 – 1997 жж: Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі – дәрігер анестезиолог–реаниматолог
1997 – 2001 жж: С. Д. Асфендияров атындағы ҚазММУ анестезиология және реаниматология кафедрасы – кафедра ассистенті
2001 – 2010 жж: Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының анестезиология және реаниматология кафедрасы – кафедра ассистенті, кафедра доцентінің м.а., кафедраның оқу бөлімінің меңгерушісі – анестезиология және реаниматология кафедрасының оқу-әдістемелік, ғылыми-практикалық, емдеу-кеңес беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу;
Негізгі клиникалық база – ҚазҒЗИ-ның анестезия, реанимация және қарқынды терапия, онкология және радиология бөлімшесі – онкохирургияға анестезияның, реанимацияның және қарқынды терапияның озық әдістемелері мен технологияларын енгізу, атап айтқанда ЖММК көрсету хаттамаларына біріктірілген эпидуральді анестезия әдістемелерін, қарқынды терапияда нутритивтік қолдау әдістемелерін тәжірибеге енгізу және қосу, клиникалық апробация және тәжірибеге жаңа дәрілік препараттарды енгізу.
2004 – 2007 жж: «Мерц» және «Бауш&Ломб» Германия зауыттарының мүдделеріне өкілдік ететін "Фармагарант" (келісімшарт бойынша жұмыс) компаниясының медициналық өкілі. «Мерц» зауытының өнімдерін гастроэнтерология, косметикалық хирургия, контрацепция бағыттары бойынша ілгерілетуге жауапты болды.
2007 – 2009 ж.ж.: «Б.Браун Медикал Казахстан» өнім менеджері - Қазақстан Республикасында жаңа дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тіркеу қажеттілігінің негіздемесі, емдеудің, анестезияның және ММБ-дың инновациялық әдістемелерін практикалық медицинаға енгізу, халықаралық қатысумен тренингтер, мастер-кластар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру және өткізу.
2009 – 2010 ж.ж.: Қазақстан Республикасында ЗАК «АстраЗенека ЮК лтд.» өнім менеджері – Қазақстан Республикасы бойынша «онкология – қатерлі ісіктердің гормондық терапиясы» бағытына жетекшілік ету.
2010/10–2011/2 – Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы, емдік-профилактикалық жұмыс және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімі, бөлім бастығының м.а.. Астана қаласының медициналық ұйымдарын емдік-профилактикалық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапасын бақылау функциялары
2011/3–2013/4– С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының жедел жәрдем курсы бар анестезиология және реаниматология кафедрасының доценті
2013/4–2021/9 – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері
2021/9 – қазіргі уақытқа дейін – «Рахат медициналық орталығы» ЖШС-нің анестезиолог дәрігері
Маманданулар
1994 ж. анестезиология және реаниматология бойынша мамандану
2001 ж. денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша мамандану
2004 ж. Мәскеу қаласындағы Н. Н. Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығында анестезиология және реаниматология бойынша тағылымдама
2005 ж. Австрияның Зальцбург қаласындағы клиникада анестезиология және реаниматология бойынша тағылымдама
2006 ж. Алматы қаласы, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты, токсикология бойынша мамандану
2009 ж. – Алматы қаласы, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сараптау мәселелері бойынша мамандану
2009, 2010 жж. – Лондон, Англия «Galbraith Business School» маркетинг, жоспарлау, болжау, коммуникация мәселелері бойынша маманданулар
2010 ж. – Киев, Украина бизнес-жоспарлау бойынша тренинг
2010, 2013 – Тель-Авив, Израиль анестезиология және реаниматология бойынша мамандану
2015 – Алматы қаласы, кардиохирургияда анестезиология бойынша мамандану
2021 – Алматы қаласы, анестезиология бойынша мамандану
Кәсіби дағдылар
- академиялық қызмет – педагогикалық, оқу-әдістемелік, ғылыми
- анестезиология және реаниматология, акушерлік және гинекология саласында сараптама жүргізу;
- бюджетті жоспарлау, маркетинг-болжау;
- нарықты маркетингтік зерттеу;
- маркетингтік іс-шаралар: конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
- 2009 жылдан бастап ҚР ДСМ қарамағындағы Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетінің тәуелсіз сарапшысы болып табыламын
- фармацевтикалық компанияларда медициналық өкіл, негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, өнім менеджері, өнім жөніндегі маман ретінде жұмыс істедім
Тілдерді білу
Қазақ, орыс, ағылшын (intermediate), испан (В1)
Мемлекеттік және басқа да марапаттар
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамотасы (2009)
- Тәуелсіз медициналық қауымдастық РҚБ «Алтын дәрігер» төсбелгісі
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі
- «Ерең еңбегі үшін» медалі (2020)
- «Халықтың алғысы» медалі (2020)