Қазақстан, Алматы қ.
Шопен к-сі, 26
Байқадамов көшесінің бұрылысы

Бөксе липофилингі

Әрбір әйел қарама-қарсы жыныстың қызығушылығы мен таңданысын тудыратын серпімді және сымбатты бөкселерді армандайды. Дұрыс тамақтану, тұрақты жаттығулар, спорт залдарындағы сабақтар қалағанына қол жеткізуге көмектеседі. Өкінішке орай, өзін диеталар және ауыр физикалық жаттығулармен жүдеткен әрбір әйел бөксесін армандайтын пішінге келтіре алмайды. Бұл жағдайда "Надиалан Эстетик"емханасының мамандары көмекке келеді. Кәсібқой хирургтар кеңес беріп, қауіптер мен қарсы көрсетілімдерді бағалай отырып, бөксе липофилингі сияқты операция жасауға кеңес бере алады.

Липофилинг-бұл емделушіге дененің бір бөлігінен екіншісіне өзінің май тінін ауыстырып орналастыру операциясы. Мұндай процедурамен майдың артық болған дененің бөлігінен май алып тасталынып, майдың жеткіліксіз дененің бөлігіне ауыстырып орналастырылады. Осылайша, бөкселердің, кеуденің, сандардың және т. б. өлшемін өзгертуге немесе пішінін түзетуге болады.

Бөксе липофилингі - бөксенің көлемі мен пішінін үлкейтудің немесе түзетудің ең тиімді және қауіпсіз әдісі. Операциядан кейін нәтиже өмір бойы сақталады (кенет және айтарлықтай салмақ жоғалтуды қоспағанда: содан кейін бөкселер сәйкесінше көлемде кішірейуі мүмкін).

Алматы қаласындағы бөксе липофилингіне жасалынатын көрсетілімдер

Бөксе липофилингіне жасалынатын көрсетілімдер:

  • Бөксе аймағында қалаулы көлемнің болмауы;
  • Терінің біркелкі емес бедері;
  • Бөкселердегі май тіндерінің пропорционалды емес таралуы (асимметрия);
  • Жарақаттан кейінгі күй;
  • Терінің серпімділігін жоғалту, жасқа байланысты немесе гормоналды өзгерістер аясында, соның ішінде жүктілік пен босанудан кейін бөкселердің "салбырауы".

Бөксе липофилингіне қарсы  көрсетілімдер

Кез-келген хирургиялық араласу сияқты, бөксе липофилингін жасау үшін де кейбір қарсы көрсетілімдер бар:

  • Қант диабетінің болуы;
  • Онкологиялық аурулар;
  • Декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулар;
  • Қабыну және жұқпалы аурулардың болуы;
  • Қанның ұю проблемалары;
  • Жүктілік және емізу кезеңі;
  • Өзінің май тіндерінің жетіспеушілігі;
  • Жасы (операция 18 жасқа толмаған адамдарға жасалмайды).

Бөксе липофилингінің  имплантация алдында артықшылығы

Көбінесе, бөксе аймағының проблемалара жайында кеңес алуға келгенде, емделушілер қайсысы жақсы деп ойлайды: имплантация немесе липофилинг? Бөксе липофилингінің  имплантация алдында бірқатар артықшылықтарын атап өтуге болады:

  • Қысқа оңалту кезеңі;
  • Нәтижені өте қысқа мерзімде бағалауға болады;
  • Бөкселердің табиғи сыртқы көрінісі сақталады (сонымен қатар, қармалағанда бөкселер табиғи болып қалады);
  • Бір операция ішінде дененің екі проблемалық аймағын бірден түзетуге болады - артық май тіндері алынған және май тіндері ауыстырып орналастырылған аймақ;
  • Липофилинг - бұл бет пен денені түзетудің ең қауіпсіз процедураларының бірі: өз тіндері ағзадан бас тартпайды және аллергиялық серпілістер туғызбайды;
  • Липофилинг целлюлитті жеңуге көмектеседі;
  • Тыртықтың болмауы;
  • Оңтайлы бағалар;
  • Бөксе липофилингін жасау кезінде имплантацияға қарағанда асқыну қаупі әлдеқайда төмен;
  • Липофилингтен кейін емханада ұзақ болу қажет емес.

Бөксе липофилингтен кейінгі оңалту

Алматы қаласында бөксе липофилингін жасағаннан кейін оңалту кезеңі шамамен екі аптаға созылады. Осы уақытта асқынулардың пайда болуын болдырмау үшін дәрігердің барлық ұсыныстарын қатаң сақтау керек:

  • Бір жерде ұзақ уақыт отыруға болмайды;
  • Жайсыз сезімдер мен бөкселердің деформациясын болдырмас үшін шалқасынан жату ұсынылмайды;
  • Арнайы түзету іш киімін кию керек;
  • Өкшелі немесе платформалық аяқ киім киюден қашқақтау керек;
  • Моншаларға, сауналарға, жағажайларға бармау керек: операция жасалған аймаққа тікелей күн сәулесінің түсуі ұсынылмайды;
  • Ұзақ мерзімді физикалық жүктемені және ауыр салмақтарды көтеруді болғызбау керек.

Бөксе липофилингтен кейінгі ықтимал асқынулар

Кез-келген операциядан кейін, оның ішінде бөксе липофилингтен кейін де кейбір асқынулардың пайда болу қаупі бар. Олардың арасында:

  • Жұқпалы процестердің дамуы (гигиена және стерильділік қағидалары сақталмаған жағдайда);
  • Тіндердің асимметриясы (операция кезіндегі дәрігерлік қателік);
  • Бөксе аймағындағы сезімталдықтың бұзылуы (әдетте, біраз уақыттан кейін қалпына келеді);
  • Пропорциялардың бұзылуы (қосымша түзету қажет).

Егер қалпына келу кезеңі өте ұзақ уақытқа созылса немесе қандай да бір асқынулармен бірге жүрсе, көмек алу үшін бірден дәрігерге жолығу керек!

Операцияның алғашқы нәтижелерін 10-14 күннен кейін көруге болады, соңғы нәтижені – 3-6 айдан кейін.

Сенімді емхананы таңдау - табыстың жартысы екенін есте ұстаған жөн! "Надиалан Эстетик" емханасында сіз жоғары білікті мамандардың көмегімен оңтайлы бағамен сенімділік пен тартымдылықты қалпына келтіре аласыз!

Операцияға жазылу

What's App жазу Қоңырау шалу

Видео



larisa_rakotyanskaya

larisa_rakotyanskaya

28 апреля 2021

Хочу поблагодарить Сергея Николаевича за проведённую мне верхнюю блефоропластику ! Я очень довольна...

aig2062

aig2062

27 апреля 2021

Пак Дмитрий Анатольевич - Мой врач он самый лучший! дай бог вам здоровья!прошло...

Марьяна

Марьяна

27 апреля 2021

Доктор Пак - врач от Бога! Делала блефаропластику. Просто золотые руки! Безумно счастлива, что попала в Вашу клинику Надиалан. Прекрасные...

nurgazinovamakeup

nurgazinovamakeup

02 апреля 2021

Доктор Пак Дмитрий Анатольевич - самый лучший в своем деле! Маме до Нового года делал...

larissa.berdinova

larissa.berdinova

11 марта 2021

Галым Сагатович - врач от Бога, он свою работу знает .я у него оперировалась лет 10 назад и у меня...

sholpan.sabitova

sholpan.sabitova

11 марта 2021

Галым Сагатович - отличный врач. Он мне 2 года назад операцию сделал. Все идеально. С того...

stacy.chay

stacy.chay

02 февраля 2021

Cпасибо Вам Дмитрий Анатольевич за открытый взгляд - естественный и натуральный...

i.a_life878

i.a_life878

25 января 2021

Я так счастлива, что сделала операцию, я так вам благодарна! Жизнь кардинально меняется именно в восприятии себя. Я хочу...

fortunadivita

fortunadivita

25 января 2021

Добрый вечер, в этом году я сделала блеферо верх и низ у Дмитрия Анатольевича, я благодарна...

zhumartova2003

zhumartova2003

12 января 2021

Огромное спасибо за Ваш труд, Ваше мастерство! Я очень рада, что выбрала именно Вас, Профессионала своего...

Қызықты мақалалар

Барлық мақалалар