Қазақстан, Алматы қ.
Шопен к-сі, 26
Байқадамов көшесінің бұрылысы

Сан липосакциясы

Көптеген әйелдер үшін сан айтарлықтай проблемалы аймақ болып табылады: толық "санға" қанағаттанбау-сандағы артық майлы тін, делдек "құлақшалар" - әйелдердің мамандарға жүгінетін ең көп кездесетін шағымдары. Өкінішке орай, сан аймағын спортпен немесе диеталармен түзету өте қиын. Май қыртыстарының пайда болуы жасқа байланысты өзгерістерден, теріс өмір салтынан және зиянды әдеттерден, сондай-ақ жүктілік және босанудан туындауы мүмкін. Генетикалық бейімділік те бар, бірақ бұл, әдетте, бір аймаққа ғана емес, жалпы артық салмаққа қатысты болады. Сан мен жалпы аяқтың да сыртқы түрін жақсарту мақсатында – оларды тарту, терінің тургорын жоғарылату және тіпті визуалды ұзарту үшін – әйелдер сан липосакциясы сияқты процедураны тағайындай алатын пластикалық хирургтардың қызметіне жүгінеді.

Сан липосакциясы - бұл сан аймағынан артық май тінін шығаратын хирургиялық операция.

Сан липосакциясының артықшылықтары:

  • Сан липосакциясын липофиллингпен біріктіруге болады, яғни сан аймағынан алынған майды басқа проблемалық аймаққа трансплантация жасауға болады;
  • Жылдам нәтиже: операцияның әсерін бірден бағалауға болады;
  • Жылдам, қауіпсіз және арнайы дайындықты қажет етпейтін операция – сан липосакциясы - сымбатты және жіңішке сан мен аяқты сыйлайды.

Сан липосакциясына тіркелмес бұрын хирургпен кеңесу керек. Консультацияда маман санның жағдайын көріп бағалағаннан кейін операция тактикасын анықтайды. Процедурадан бұрын  белгілі бір тексеруден өтіп, дәрігер тағайындайтын талдауларды тапсыру керек. Барлық ұсыныстарды орындау керек - бұл денсаулыққа асқынулар мен жағымсыз салдардың алдын алуға көмектеседі. Сондай – ақ, дәрігер операциядан бірнеше күн бұрын алкогольді ішпеуге және темекі шекпеуге кеңес бере алады-бұл кеңеске де құлақ салу керек.

Сан липосакциясына жасалынатын көрсетілімдер:

  • Сан аймағында ошақталған артық майлы тін;
  • Пропорционалды емес денебітім;
  • Физикалық тұрғыдағы ыңғайсыздықтар (мысалы, санның ішкі бетінің арасындағы терінің қажалуы);
  • Спорттық жаттығулар мен диеталарды сақтау кезінде әсердің болмауы.

Сан липосакциясына қарсы көрсетілімдер:

  • Жүктілік және лактация кезеңі;
  • Онкологиялық аурулар;
  • Қант диабеті;
  • Қанның ұю проблемалары;
  • Жұқпалы аурулар;
  • Декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулар.

Алматы қаласында сан липосакциясы қалай жүргізіледі?

Сан липосакциясының ұзақтығы операция жүргізу техникасына және жұмыс көлеміне байланысты. Операция жалпы наркозбен жасалады. Сан липосакциясының мәні келесіде: проблемалық аймақтан май кішігірім тіліктер (1-5 мм дейін) арқылы арнайы түтіктердің (канюлялар) көмегімен шығарылады.  Шығарылған майды басқа проблемалық аймаққа трансплантациялауға болады, яғни  липофилингті де параллель жүргізуге болады. Әрі қарай, тіліктерге тігістер салынады, ал емделушіге компрессиялық іш киім киіледі.

Сан липосакциясынан кейін оңалту.

Тігістерді операциядан кейін 7-10 күн аралығында алып тастайды. Оңалту кезеңі шамамен 3 айды құрайды, бірақ бәрі жекеше және нақты ағзаның ерекшеліктеріне байланысты екенін атап өткен жөн, яғни оңалту біршама көп немесе аз уақытты алуы мүмкін. Осы кезеңде міндетті түрде компрессиялық іш киім кию керек. Айтарлықтай физикалық жүктемені болдырмау керек, қызып кетуден аулақ болу керек (моншаларға, сауналарға, жағажайларға, солярийлерге бармау керек), күн сәулесінің тікелей түсуіне жол бермеу керек.

Ісіну, қанталау, терінің сезімталдығын жоғалту, аздап ауырсыну түріндегі ыңғайсыздық 1 ай бойы болуы мүмкін. Бұған дәрігердің назарын аудартуыңыз керек, бірақ көп жағдайда ағзаның мұндай реакциясы норма болып табылады және медициналық араласуды қажет етпейді.

Хирургтың барлық ұсыныстары мен тыйымдарын міндетті түрде сақтау керек, өйткені бұл асқынулар болдырмауға және індет жұқтырып алмауға көмектеседі, сонымен қатар оңалту мен жазылып кетуді тездетеді.

Операцияға жазылу

What's App жазу Қоңырау шалу



larisa_rakotyanskaya

larisa_rakotyanskaya

28 апреля 2021

Хочу поблагодарить Сергея Николаевича за проведённую мне верхнюю блефоропластику ! Я очень довольна...

aig2062

aig2062

27 апреля 2021

Пак Дмитрий Анатольевич - Мой врач он самый лучший! дай бог вам здоровья!прошло...

Марьяна

Марьяна

27 апреля 2021

Доктор Пак - врач от Бога! Делала блефаропластику. Просто золотые руки! Безумно счастлива, что попала в Вашу клинику Надиалан. Прекрасные...

nurgazinovamakeup

nurgazinovamakeup

02 апреля 2021

Доктор Пак Дмитрий Анатольевич - самый лучший в своем деле! Маме до Нового года делал...

larissa.berdinova

larissa.berdinova

11 марта 2021

Галым Сагатович - врач от Бога, он свою работу знает .я у него оперировалась лет 10 назад и у меня...

sholpan.sabitova

sholpan.sabitova

11 марта 2021

Галым Сагатович - отличный врач. Он мне 2 года назад операцию сделал. Все идеально. С того...

stacy.chay

stacy.chay

02 февраля 2021

Cпасибо Вам Дмитрий Анатольевич за открытый взгляд - естественный и натуральный...

i.a_life878

i.a_life878

25 января 2021

Я так счастлива, что сделала операцию, я так вам благодарна! Жизнь кардинально меняется именно в восприятии себя. Я хочу...

fortunadivita

fortunadivita

25 января 2021

Добрый вечер, в этом году я сделала блеферо верх и низ у Дмитрия Анатольевича, я благодарна...

zhumartova2003

zhumartova2003

12 января 2021

Огромное спасибо за Ваш труд, Ваше мастерство! Я очень рада, что выбрала именно Вас, Профессионала своего...

Қызықты мақалалар

Барлық мақалалар