Қазақстан, Алматы қ.
Шопен к-сі, 26
Байқадамов көшесінің бұрылысы

Малярпластика

Малярпластика (бет сүйектерінің пластикасы) – бет сүйектерінің пішінін немесе мөлшерін түзету арқылы бет пішінін өзгерту операциясы. Малярпластика имплантаттар, толтырғыштар енгізу, липофиллинг немесе сүйек-пластикалық операция көмегімен бетті симметриялы етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, биік және айқын бет сүйектері әйелдің бетіне нәзіктікті қосады және ер адамның бет-бейнесін жігерлі және батыл етеді.

Малярпластика түрлері

  • Липоскульптура – емделушінің өзінің майлы тіндерін ауыстырып орналастыру арқылы бет сүйектері аймағын түзету. Бұл әдіс қартаюдың алғашқы белгілерімен сәтті күресуге мүмкіндік береді (болбырлық, терінің нашар тургоры, әжімдердің пайда болуы және т.б.). Липоскульптура толығымен қауіпсіз процедура, өйткені өзінің майлы тіндері емделушіде қабылдамауды және аллергиялық реакцияларды тудырмайды;
  • Контурлы пластика толтырғыштармен – тері астына гиалурон қышқылы негізіндегі препараттардың инъекцияларын енгізу. Процедура жасартатын әсерге ие. Өкінішке орай, нәтиже уақытша: 6 ай-2 жыл бойы сақталады. Содан соң процедураны қайталау керек.

Сондай-ақ, кішірейтетін малярпластика бар, оның мақсаты бет әлпетін жұмсартатын және оны одан да нәзік ететін бет сүйектері аймағын кішірейту болып табылады. Кішірейтетін малярпластика мыналарды қамтиды:

  • Липосакция – артық май тінін алып тастау;
  • Биш кесектерін алып тастау – ұрт бұлшықеті мен беттің әр жағындағы беткей бұлшықеттері арасындағы майлы түзілімдерді кетіру операциясы.

Малярпластика жасауға көрсетімдер

Бет сүйектерінің пластикасы бет симметриясын қалпына келтіруге, оған қажетті пішінді беруге ғана емес, сонымен қатар жасқа байланысты жағымсыз өзгерістерді жоюға бағытталған. Жас ұлғайған сайын бет сүйектері аймағының тіндері, ұрт аймағы салбырайды, әжімдер пайда болады, терінің тургоры нашарлайды. Бет сүйектерінің пластикасы бет сүйектерінің аймағын тартуға, бетті неғұрлым бедерлі және жас етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туа біткен ақаулар бар - бет сүйектерінің дамымауы. Малярпластика бұл мәселені де түзетуге көмектеседі. Осылайша, бет сүйектерінің пластикасы келесі жағдайларда көрсетілген:

  • Қартаю белгілерін жою (ұрт аймағының салбырауы, әжімдер мен көз астындағы көгерудің пайда болуы және т. б.);
  • Бет сүйектері аймағының дамымауы – беттің ортаңғы бөлігі;
  • Ассиметрия;
  • Жарақаттан кейінгі немесе операциядан кейінгі салдар.

Бет сүйектерінің пластикасын жасауға қарсы көрсетімдер

  • Жүктілік немесе емізу;
  • Онкологиялық аурулардың болуы;
  • Декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулар;
  • Қанның нашар ұюы;
  • Асқыну сатысындағы жұқпалы және вирустық аурулар;
  • Ауыз қуысының аурулары.

Малярпластикадан кейінгі оңалту

Кез-келген хирургиялық араласудан кейін сиякты, малярпластикадан да кейін қызару, гематома және ісіну қалуы мүмкін. Олар екі апта ішінде өтеді. Осы кезеңде физикалық жүктемелерді, кез-келген косметикалық процедураларды болдырмау керек, қатты тағамды тұтынудан, жамбастап және етпетінен жатып ұйықтаудан аулақ болу керек.

Бір ай бойы сауналарға, моншаларға және солярийлерге бару қажет емес: бұл қабынудың пайда болуына ықпал етеді, сонымен қатар жазылу процесін баяулатады. Егер операция ауыз қуысында тілік арқылы жасалса, онда әр тамақтанудан кейін шырышты қабықты шайғыш затпен дезинфекциялау қажет.

Операцияға жазылу

What's App жазу Қоңырау шалу



larisa_rakotyanskaya

larisa_rakotyanskaya

28 апреля 2021

Хочу поблагодарить Сергея Николаевича за проведённую мне верхнюю блефоропластику ! Я очень довольна...

aig2062

aig2062

27 апреля 2021

Пак Дмитрий Анатольевич - Мой врач он самый лучший! дай бог вам здоровья!прошло...

Марьяна

Марьяна

27 апреля 2021

Доктор Пак - врач от Бога! Делала блефаропластику. Просто золотые руки! Безумно счастлива, что попала в Вашу клинику Надиалан. Прекрасные...

nurgazinovamakeup

nurgazinovamakeup

02 апреля 2021

Доктор Пак Дмитрий Анатольевич - самый лучший в своем деле! Маме до Нового года делал...

larissa.berdinova

larissa.berdinova

11 марта 2021

Галым Сагатович - врач от Бога, он свою работу знает .я у него оперировалась лет 10 назад и у меня...

sholpan.sabitova

sholpan.sabitova

11 марта 2021

Галым Сагатович - отличный врач. Он мне 2 года назад операцию сделал. Все идеально. С того...

stacy.chay

stacy.chay

02 февраля 2021

Cпасибо Вам Дмитрий Анатольевич за открытый взгляд - естественный и натуральный...

i.a_life878

i.a_life878

25 января 2021

Я так счастлива, что сделала операцию, я так вам благодарна! Жизнь кардинально меняется именно в восприятии себя. Я хочу...

fortunadivita

fortunadivita

25 января 2021

Добрый вечер, в этом году я сделала блеферо верх и низ у Дмитрия Анатольевича, я благодарна...

zhumartova2003

zhumartova2003

12 января 2021

Огромное спасибо за Ваш труд, Ваше мастерство! Я очень рада, что выбрала именно Вас, Профессионала своего...

Қызықты мақалалар

Барлық мақалалар