Операцияға дайындық
"Надиалан Эстетик" емханасы операция жасау алдында сіздің денсаулығыңыздың жағдайын барабар бағалауды өтіне сұрайды: бірінші кезекте, жүрек қызметі мен күретамырлық қысымын тексеру, қандағы қант деңгейін анықтау қажет. Норма көрсеткіштерінен ауытқулар анықталған жағдайда емхана қызметкерлеріне хабарлау қажет, өйткені жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша нормадан едәуір ауытқу операция жасау кезінде немесе операциядан кейінгі кезеңде асқынуларға әкелуі мүмкін.
Шамамен 2 апта бұрын операция түріне және анестезия әдісіне байланысты келесі позициялар бойынша қаралуды бастау керек.
Жалпы анестезиямен
- Флюорография немесе көкірек қуысының рентгенографиясы.
- Электрокардиограмма. Терапевт кеңесі.
- Қан тобы және резус-фактор
- Қан тапсыру:
- АИТВ-ға
- Hbs-Ag-ға (гепатит «В-ға»)
- Гепатит «С-ға»
- RW (мерезге)
- Қанның жалпы талдауы, ұю уақыты, қан ағу ұзақтығы.
- Несепті жалпы талдау.
- Билирубин (жалпы), АЛТ, АСТ, жалпы ақуыз, несепнәр, креатинин.
- Коагулограмма
- Маммологтың кеңесі (сүт бездеріне операция жасау кезінде).
- ЛОР-дәрігерінің кеңесі (ринопластика жасау үшін).
Қосымша седациямен жергілікті анестезия кезінде:
- Қан тапсыру:
- АИТВ-ға
- Hbs-Ag-ға (гепатит «В-ға»)
- Гепатит «С-ға»
- RW (мерезге)
- Қанның жалпы талдауы, ұю уақыты, қан ағу ұзақтығы.
- Қандағы қант
- Электрокардиограмма
- Терапевт кеңесі (операция алдындағы тексеру)
- Офтальмологтың кеңесі (блефаропластика жасау үшін)
Көптен-көп өтініш:
- операция қарсаңында спирттік ішімдіктерді ішпеңіз, қажет болған жағдайда кешке басатын немесе ұйықтататын дәрі-дәрмекті қабылдаңыз;
- наркозбен операция жасау алдында қосымша кеңес алуға келіңіз;
- дәрігерге немесе медициналық персоналға жақында қабылданған дәрі-дәрмектер, жасалған операциялар мен процедуралар, сондай-ақ бастан кешкен аурулар туралы алдын ала айтып қойыңыз;
- операцияға дайындығын 2 аптадан кешіктірмей растау немесе операцияның тоқтатылғаны туралы біздің байланыстар бойынша алдын ала айтып қойыңыз;
- өзімен бірге болу керек:
- жеке куәлік;
- қаралу нәтижелері (көшірмелер болады);
- үй киімі (халат, пижама және т. б.);
- тәпішке, шұлық;
- күннен қорғайтын көзілдірік (бет операциялары кезінде);
- тамаша көңіл-күй!